Адамдардың мені ашуландыруы өте оңай.
Комплементті жақсы көремін және естігеніме қуанамын .
Адамдардың кино көріп отырып күрсініп, жылағанын жек көремін.
Көп адам жиналған кезек менің көңілімді түсіреді.
Әзілді түсінбейтінім жайлы өзгелердің пікірі мені ызаландырады.
Мен фильм көргенде қатты уайымдаймын.
Бақыттан жылау ақымақтық деп ойлаймын.
Кейде маған махаббат туралы әндер қатты әсер етеді.
Мен жиі адамдарға ренжеп, өкпе ренішімді айтамын.
Спорт ойындарын тамашалап отырып, қатты уайымдаймын.
Айналамдағы біреу қобалжыса, мен де қобалжыймын.
Әдепсіздікке келекемен жиі жауап беремін.
Адамдардың өзін ұстай алмай, сезімін ашық білдіргенін жек көремін.
Күлкі қысып тұрғанда мен қатты күліп, айналама байқатамын.
Бейтаныс адамдардың ортасында олардың үстерінен мысқылдап әңгіме айтқанды ұнатамын.
Шарасыз қарттарды көргенде қатты ренжимін.
Сәтсіз әзілі үшін біреуге ескерту жиі айтамын.
Айналаның бәрі уайымдаса мен сабырлы боламын.
Мен достарымның мәселелерін жүрегіммен қабылдаймын.
Таныстарым мені көпшіл деп ойлайды.
Жылап жатқан адамды көрсем мен өзім жылап қаламын.
Сәбилер себепсіз жылайды.
Жануарлардың қиналғанын көргенде қатты ренжимін.
Адамдардың сыйлық қабылдағанын ұнатамын.
Көңілді әңгімелер, қалжыңдар айтуды, тыңдауды ұнатпаймын.