27.04.2024

«Педагогикалық әдеп қағидалары» облыстық дөңгелек үстел

Педагогикалық әдеп қағидаларының қолданыстағы заңнамаларын білу және  талаптардың оқу үрдісінде сақталуын орындау мақсатында  28 қыркүйек  күні  «Педагогикалық әдеп қағидалары»  тақырыбында  облыстық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандарына  Алматы облысының оқу-ағарту және бюджеттік ұйымдары қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің, облыстық әдістемелік орталығының мамандары және Есік гуманитарлық-экономикалық, Есік медициналық колледждерінің шығармашыл педагогтері таныстырылым, шебер-сынып, тәжірибелік сабақ,  әдістемелік көрме,  кәсіби сұқбат  жұмыстарын  ұсынып, жас мамандарды әдістемелік  тұрғыдан сүйемелдеді.

Дөңгелек үстелге  45 жас маман  қатысты.