Педагогикалық әдеп қағидаларының қолданыстағы заңнамаларын білу және талаптардың оқу үрдісінде сақталуын орындау мақсатында 28 қыркүйек күні «Педагогикалық әдеп қағидалары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шарада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандарына Алматы облысының оқу-ағарту және бюджеттік ұйымдары қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің, облыстық әдістемелік орталығының мамандары және Есік гуманитарлық-экономикалық, Есік медициналық колледждерінің шығармашыл педагогтері таныстырылым, шебер-сынып, тәжірибелік сабақ, әдістемелік көрме, кәсіби сұқбат жұмыстарын ұсынып, жас мамандарды әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеді.
Дөңгелек үстелге 45 жас маман қатысты.