№121

Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 16 наурыздағы № 1, 20 наурыздағы № 2 және 26 наурыздағы № 6 хаттамаларын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Білім беру ұйымдарының (келісім бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары: 1) оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде интернаттарда, жатақханаларда санитариялық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдасын; 2) ағымдағы жылғы 13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салсын (мерекелік, концерттік, мәдени, спорттық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізу және т. б.); 3) білім алушылардың және тәрбиеленушілердің халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуына тыйым салсын; 4) жұмыста осы бұйрыққа қоса берілген Әдістемелік ұсынымдарды пайдалансын, бұл ретте білім беру қызметін көрсету туралы шарттарда, білім беру ұйымдарының жарғыларында және басқа да ішкі актілерінде бекіту мүмкіндігін, осы Әдістемелік ұсынымдарда көзделген білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қарастырсын;
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
5) осы бұйрықтың 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын ескере отырып, штаттық режимде мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жүзеге асырcын, атааналардың (заңды өкілдердің) қалауы бойынша балалардың еркін бару режимін қамтамасыз етсін, коронавирустық инфекция таралу кезеңінде балалар болмаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар орындарының сақталуын қамтамасыз етсін; 6) штаттық режимде жұмыс істейтін ұйымдарда, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық және алдын алу ісшараларын күшейтсін және күн сайын мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың келуіне мониторинг жүргізсін; 7) орта білім беру ұйымдарында көктемгі демалыстың ұзақтығы — 21 күн (2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірді қоса алғанда ) болып белгіленсін; 8) көктемгі демалыс уақытында педагогтерге қашықтық режимінде (білім беру ұйымынан тыс) жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етсін; 9) орта білім беру ұйымдарында 1-11(12) сыныптарда, оның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-да, халықаралық және жеке меншік орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, 2020 жылғы 6 сәуірден бастап төртінші тоқсанның басынан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін (келісім бойынша); 10) сабақ кестесі мектепалды даярлық сыныптарына, 1-9 сыныптарға сағат 8.30 дан, 10-11 сыныптарға сағат 14.00 ден дүйсенбіден жұманы қосқанда 30 минутқа дейінгі аралықта жасалсын; 11) 2020 ж. 1 сәуірде мектепалды даярлық сыныптарына, 1-9 сыныптарға сағат 9.00 ден, 10-11 сыныптарға сағат 14.00 ден сынама сабақтар өткізілсін; 12) 2020 ж. 2 сәуірде сағат 10.00 де мектепалды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12.00 де 5-9 сыныптар, сағат 14.00 де 10-11 сыныптар ата аналары үшін «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» жиналысы өткізілсін; 13) 2020 ж. 3 сәуірде сағат 10.00 де мектепалды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12.00 де 5-9 сыныптар, сағат 14.00 де 10-11 сыныптар үшін «Мен қашықтан қалай оқимын?» «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» сынып жиналысы өткізілсін; 14) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша барлық санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары сақталған, ауысым, дезинфекция, кварцтеу, желдету, бір мезетте адамдардың көп шоғырлануын болдырмау шаралары сақталып, төртінші тоқсаннан бастап оқу процесін күндізгі нысанда жалғастыруға болатын шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан орта білім беру ұйымдарының тізбесін бекітcін; 15) заңнамада белгіленген тәртіппен қашықтықтан білім беру технологиясы кезінде білім беру процесіне қатысушылар үшін жағдай жасау (білім беру ұйымдарының балансынан педагогтер мен ата-аналардың
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
материалдық жауапкершілігіне беру, сондай-ақ компьютерлерді, ноутбуктар, планшеттерді сатып алу, флеш-карталар, мобильді қосымшалар және басқа да құралдар арқылы жеткілікті жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету) бойынша қажетті шаралар қабылдасын, бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше назар аударсын; 16) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану кезінде заңнамаға және Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бірыңғай бағдарламалар мен тәсілдерді қамтамасыз етсін; 17) қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша білім алушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтсін; 18) дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына, гимназияларға, лицейлерге түсу үшін түсу емтихандарын өткізуді тоқтата тұрсын және кешірек мерзімге ауыстырсын; 19) қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қашықтықтан оқыту режимінде тиісті жағдай болған жағдайда жұмыс берушінің актісін қабылдай отырып, жұмыс бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тәртіппен жалғастырсын; 20) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен келісу және жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың, санаторлық мектептер мен мектеп-интернаттардың, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы балаларға арналған мектептердің, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін санитарлық-эпидемиялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып және білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып штаттық немесе қашықтықтан режимде жалғастырсын; 21) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап жалпы білім беретін және басқа да ұйымдар жанындағы кешкі мектептерде, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқыту процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін; 22) осы бұйрықтың 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын ескере отырып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін штаттық режимде жүргізсін және сыртқы байланыстарды барынша шектейтін карантин белгіленсін; 23) кеңестер, отырыстар, кездесулер өткізуді азайтсын немесе селекторлық режимде өткізсін; 24) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, «Талап» КеАҚ-пен бірлесіп қашықтықтан білім беру
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
технологияларын пайдалана отырып, педагогтер мен оқытушылар үшін онлайн форматта курстар әзірлесін және өткізсін; 25) қашықтықтан оқыту жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіру жұмысын «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚМ-ге, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әдістемелік кабинеттері мен әдістемелік орталықтарына жүктесін; 26) қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқытуды сапалы ұйымдастыру және қамтамасыз ету басқарма басшыларының орынбасарларына, білім бөлімі басшыларына, мектеп директорларына жүктесін; 27) жұмыс берушінің тиісті актісін қабылдай отырып, келесі қызметкерлер тобын анықтау мүмкіндігін қарастырсын: білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер (әкімшілік-қосалқы, техникалық персонал); қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде білім беру процесін және сабақтарға қатысу мониторингін қамтамасыз ету бойынша еңбек функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлер (оның ішінде оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын барлық пәндер педагогтері, кеңес беру, онлайн мастеркластар, ойындар мен т.б. түрінде психологиялық көмек көрсететін психологтардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұйымдастырылуына мониторингті жүзеге асыратын, қашықтық режимде мектепішілік конкурстарға білім алушылардың қатысуын, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылармен, девиантты мінез-құлықты балалармен, жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік педагогтер, тәлімгерлер, қосымша білім беру педагогтері, онлайн кітапханалардың жұмысын, ұсынылатын басылымдар бойынша жұмысты, кітаптарды оқу мониторингісін және басқа да қашықтық жұмысты жүзеге асыратын кітапханашылар, жеке онлайнконсультацияларды жүзеге асыратын дефектологтар/логопедтер, зертханалық және практикалық, сонымен қатар басқа да функцияларды және т.с.с. жұмыстарды қашықтық режимде өткізуді және орындалуын тексеруді жүзеге асыратын физика, химия, биология, информатика кабинеттерінің, лингафондықмультимедиалық кабинеттердің зертханашылары, сондай-ақ әрі қарай және басқа да функцияларды қарастыру); жеке кесте бойынша еңбек демалысына жіберілетін қызметкерлер (тәрбиешілер, әдіскерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың басқа да қызметкерлері, педагогтер және қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқытуға тартылмаған қосымша білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері, педагогтер және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар-дың, білім беру жүйесінің оңалту орталықтарының басқа да қызметкерлері, жұмыс беруші айқындайтын білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері); 28) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, оқу бағдарламарын, үлгілік оқу жоспарларын орындауды қамтамасыз етсін,
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
сағаттарды қысқартуға жол бермесін, бекітілген штаттық кестеге (тарификациялық тізімге) сәйкес педагогтердің еңбек ақысын төлеуді қамтамасыз етсін; 29) коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде білім беру қызметімен айналысуға, айырбастауға, қайта ресімдеуге, жаңа лицензия алуға өтініш беруді тоқтатсын. 2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары (келісім бойынша): 1) студенттердің ішкі және сыртқы ұтқырлығын тоқтатсын; 2) қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру мүмкін болмайтын пәндер мен модульдерді неғұрлым кеш уақытқа көшірсін; 3) студенттерге стипендияларды уақтылы төлеуді қамтамасыз етсін; 4) қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің қатысуы мен оқуын бақылауды қамтамасыз етсін; 5) жатақханаларда карантин шартын қамтамасыз етсін; 6) қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша оқытушылар үшін оқыту курстарын онлайн форматта ұйымдастырсын; 7) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы және қорытынды бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды онлайн режимінде өткізу үшін, білім алушыға мүмкіндік беретін онлайн проекторинг технологиясын қолдануды, білім алушының экраны мен мінез-құлқын қадағалауға, сондай-ақ бүкіл емтиханды бейне жазбаға жазуды қамтамасыз етсін; 8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары өз беттерінше айқындайтын тәртіпке сәйкес дипломдық (курстық) жұмыстарды (жобаларды), оның ішінде магистрлік диссертацияларды (жобаларды) онлайн режимінде қорғауды жүргізсін; 9) қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқытуды ұйымдастыру мониторингісін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне «бақылаушы» деңгейіндегі тиісті логиндер мен парольдерді заңнамада белгіленген тәртіппен берсін. 10) 2020 ж. 6 сәуірден бастап қашықтан оқытудың күнделікті басталу уақытын сағат 14.00 өзгертсін. 3. Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (М.Т. Мелдебекова): 1) «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚМ-мен бірлесіп (Ж.О. Жылбаев): пәндер тізбесін, оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жүктемесінің көлемін, оқу материалының мазмұнын, қосымша материалдарды, телевизиялық
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
сабақтарға арналған сандық білім беру ресурстарын анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын; телевизиялық сабақтардың тұжырымдамасын әзірлесін; білім беру процесінің әрбір қатысушысы үшін қадамдық әдістемелік нұсқаулық әзірлесін; телевизиялық сабақтардың кестесін құрсын; 2) мүдделі ұйымдармен бірлесіп, жалпы пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының ІV кезеңін, «Мың бала» ауыл мектептері үшін ұлттық зияткерлік олимпиадасын өткізуді заңнамада белгіленген тәртіппен ауыстырсын. 4. Білім беруді цифрлық трансформациялау департаменті (Қ.О. Кенбай) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен бірлесіп (келісім бойынша): 2020 жылғы 1 сәуірге дейін цифрлық платформаларды айқындасын және қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде орта білім беру ұйымдарының жұмысын қамтамасыз етсін; қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқытуды ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді жедел шешу үшін Министрлік жанынан, сондай-ақ білім басқармалары жанынан Жобалау кеңсесін құрсын, бұл ретте тиісті бұйрықпен осы мәселе бойынша жауапты басшы орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлғаны тағайындасын. 5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері: 1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізуді тоқтата тұрсын; 2) 2019-2020 оқу жылында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізуді тоқтатсын; 3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуға көшудің мониторингін (бұдан әрі-мониторинг) жүргізсін; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқытуды ұйымдастыру мониторингін жүзеге асыру үшін «бақылаушы» деңгейінде тиісті логиндер мен парольдерді талап етсін; 5) мониторингтің аралық нәтижесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне апта сайын ұсынсын. 6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары осы бұйрықтан және қоса беріліп отырған әдістемелік ұсынымдардан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.

  1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ (келісім бойынша), «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, «Бөбек» Ұлттық ғылымипрактикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК, «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК, «Республикалық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК, «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМКМ, «Оқулық» Республикалық ғылымипрактикалық орталығы» РМКМ, «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылымипрактикалық орталығы» ММ және басқа да ұйымдар (келісім бойынша) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын онлайн форматта өткізуді жалғастырсын, қалған бағдарламаларды 2020 жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырсын. 8. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы балаларды қабылдауды тоқтатсын. 9. Бұйрыққа қоса беріліп отырған: Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (1-қосымша); Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (2-қосымша); Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (3-қосымша); Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (4-қосымша); Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға әдістемелік ұсынымдар (5-қосымша) бекітілсін. 10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрлеріне жүктелсін. 11. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр А. Аймағамбетов

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

8
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
2020 жылғы «» _ № _ бұйрығына 1-қосымша

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

  1. Жалпы ереже
  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) ұйымының басшысы пандемия кезеңінде оқу процесін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша білім алушыларды, педагогтерді, басқа да қызметкерлерді, білім алушылардың ата-аналарын және өзге де заңды өкілдерін, оның ішінде қолжетімді байланыс түрлері, білім беру ұйымының интернет-ресурстары арқылы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді. 2. ТжКБ ұйымының басшысы білім алушылардың, педагогтердің және басқа да қызметкерлердің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнінде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды, қабылданған шаралар туралы жоғары тұрған басқару органына және барлық білім беру процесіне қатысушыларға дереу хабарлайды. 3. ТжКБ ұйымының басшысы білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияларға қайта ресімдеуге, лицензияға жаңа қосымшаларды алуға, коронавирустық инфекцияның таралу кезеңінде әрекет ету кезеңіне конвертацияға өтініш беруді тоқтата тұрады. 4. ТжКБ ұйымының әкімшілігі: білім беру процесінің барлық қатысушыларымен әрқайсысының денсаулықты сақтау, сақтық шаралары үшін жауапкершіліктері туралы; білім алушылармен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, жеке және (немесе) топтық жұмысты ұйымдастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 5. ТжКБ ұйымының әкімшілігі білім беруді басқарудың жоғары тұрған органымен, басқа да мемлекеттік органдармен оқу процесін ұйымдастыру және басқа мәселелер бойынша күнделікті байланысты жүзеге асырады.
  3. ТжКБ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі
  4. Оқу процесін ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына, сабақ кестесіне және графигіне сәйкес
  5. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  6. жүзеге асырылады. 7. ТжКБ ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқытуды жүргізеді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес оқу бағдарламаларын іске асырады. Қажет болған жағдайда оқу процесінің кестесіне, оқу бағдарламаларының мазмұнын оқытудың икемді ұйымдастыру нысанын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі. 8. Білім беру процесінің қатысушыларына: 1) электрондық платформаларға және басқа да электрондық дереккөздерге (бейнесабақтар, дербес онлайн-жұмыс, электрондық журнал, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференция, Bilim media group, скайп, google.classroom, MOODLE, ZOOM ресурстары, электрондық пошта, WhatsApp — чаттары, Opiq.kz., Telegram – канал ресурстары және басқа қажетті құралдар) қолжетімділік беріледі; 2) «EL ARNA», «balapan» каналдарындағы телекоммуникациялық желілер арқылы қазақ және орыс тілдерінде трансляция ұсынылады; 3) оқу материалдарының сілтемелері білім алушының мекенжайына жақын орналасқан Қазпошта бөліміне жолданады. 9. Қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі – ҚБТ) қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымында: білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілендіру ақпараттарынан тұратын парақтары бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйе; интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникативтік байланыс арналары, құралдар; сандық білім беру ресурстары; оқытуды оқу контентін немесе сервисті желілік басқару жүйесі; сынақ кешендері; тиісті даярлықтан өткен педагогтер болуы қажет. 10. ТжКБ ұйымдары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін кез келген оқыту технологияларын қолдануға құқылы. 11. Оқу сабақтарының басталуына дейін білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту жүйесі мен технологияларымен таныстыруды жүргізеді. 12. ТжКБ ұйымы білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, білім алушыларға әдістемелік көмек көрсетеді. 13. Консультациялар жеке және топ нысанында синхронды немесе асинхронды өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асырылады. Білім алушы мен педагогтің синхронды әрекеттесуі нақты уақыт режимінде қашықтықтан оқыту жүйесі немесе бейнеконференция арқылы жүзеге асырылады. Асинхронды әрекеттесу электрондық пошта арқылы хат алмасу, хабарлама
  7. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  8. жіберу немесе телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып бейне, телевизиялық хабарлар арқылы жүзеге асырылады. 14. ҚБT қолдану арқылы оқыту формалары: бейнедәріс, онлайн-дәріс, мультимедиалық дәріс; телевизиялық дәріс, білім алушылардың электрондық оқу басылымдарындағы (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқу бағдарламалары, тренажерлер, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдеу); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар және электрондық пошталар арқылы кеңес береді. 15. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау оқу жұмыс жоспары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. ҚБТ бойынша білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау: телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, oнлайн режимінде білім алушы мен педагогтің тікелей байланысы; автоматтандырылған тестілеу жүйелері; жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру арқылы жүргізіледі. ҚБT қолдана отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау түрлі оқу жұмыстары түрінде (тестер, практикалық тапсырмалар және т.б.) ұсынылуы мүмкін. Бұл жағдайда оқу жұмысының түрін педагог анықтайды. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау тапсырмаларының күрделілік деңгейі өткен материалға сәйкес келуі және білім алушыларға қолжетімді болуы қажет. Аралық аттестаттауға арналған тестілік тапсырмаларды әзірлеуге пәнді (модульді) жүргізетін педагог жауапты болып табылады. 16. Оқу процесін басқару үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құжат айналымының автоматтандырылған жүйесін қамтамасыз ететін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыру, электронды білім банктері және интерактивті мультимедиалық оқыту құралдары, электрондық оқу-әдістемелік кешендер қолданылады. 17. Білім алушыларды ҚБT қолдану арқылы оқытуға арналған оқуәдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін пәндер (модульдер) бойынша бекітілген оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес электрондық оқу-әдістемелік кешендер болуы қажет. 18. Әр пәннің (оқу модулінің) электрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша жинақтарды қамтиды. Міндетті жиынтық: оқу жұмыс бағдарламасынан, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен; дәрістердің электронды курсынан; практикалық сабақтың материалдарынан; білім алушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан
  9. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  10. бақылау материалдарынан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және басқалар) тұруы тиіс. Қосымша жиынтықта курстық жұмыстарға арналған нұсқаулық; оқу сипатындағы компьютерлік бағдарламалар: тренажерлер, анықтамалықәдістемелік материалдар, пәннің (модульдің) оқу материалын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары, басқа да материалдар қамтылуы мүмкін. Оқуәдістемелік қамтамасыз ету өзіндік жұмыс және білім алушылардың аттестаттауға дайындығы үшін жеткілікті болуы тиіс. Оқу-әдістемелік материалдар тегін беріледі. 19. Бітіруші топтарды қоспағанда, өндірістік оқыту сабақтарын ұйымдастыру және кәсіптік практикадан өту келесі академиялық кезеңге ауыстырылады. Бітіруші топтардың кәсіптік практикасы бойынша баға бұрын игерілген оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикалардың (болған жағдайда) қорытындылары бойынша, ал олар болмаған жағдайда өндірістік оқыту, зертханалық-практикалық сабақтардың қорытындылары бойынша анықталады. 20. ТжКБ ұйымдарының білім алушыларына мемлекеттік стипендия «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес ай сайын төленеді. 21. ТжКБ ұйымдарының студенттік жатақханаларында карантин режимі енгізіледі. 22. Халықаралық аккредиттеу процесін онлайн-режимде аяқтайтын ұйымдарды қоспағанда, ТжКБ ұйымдарында халықаралық аккредиттеу рәсімдерінің сыртқы аудитін өткізу тоқтатылады.
  1. ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қызметі
  2. ТжКБ ұйымдарының басшысы: білім беру ұйымының жұмыс жоспарын, сабақ кестесін бекітеді; оқу процесін ұйымдастыру үшін жағдайлар, оның ішінде техникалық жағдай жасайды; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады; педагогтермен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) кері байланысты жүзеге асырады; ұйымның педагогтерінің және басқа қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады; жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді
  3. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  4. қабылдайды; қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу бойынша педагогтерді даярлауды ұйымдастырады; білім алушылардың білім беру ұйымының электрондық кітапханаларына қол жеткізуін қамтамасыз етеді; білім беру процесіне қатысушылардың қызметін бақылайды, педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; ҚБТ қолдану арқылы білім беру процесін ұйымдастыруға жауаптыны (басшының орынбасарын) тағайындайды. 24. Басшының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер: жоспарлауды және ҚБT қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асырады; ҚБT қолдану арқылы оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолдану бойынша нұсқаулықтар әзірлейді; мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес ҚБТ ерекшеліктерін ескеретін оқу жұмыс жоспарларын құрады; ҚБT қолдану арқылы оқу процесі мәселелері бойынша кеңес береді, ЭОӘК құруға әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді; білім беру ресурстарын үнемі жаңартып, жүйелеуді қамтамасыз етеді; білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған іс- шараларды әзірлеуді ұйымдастырады; оқу материалдарын, оның ішінде электрондық оқу-әдістемелік кешендерді, электрондық білім беру ресурстарын қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; оқу жоспарымен белгіленген сағаттардың жалпы көлемін сақтай отырып, оқу және лабораториялық және басқа жабдықтармен жұмыс істеуді қажет ететін сабақтарды уақыттың басқа кезеңіне ауыстыруды ескере отырып, интернетресурстарға орналастырылатын оқу кестесі мен оқыту графигін құрады; 15 минуттан аспайтындай нақты уақыт кезіндегі сабақ ұзақтығын анықтайды; педагогтермен бірге білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыруды: оқытудың әдістері мен тәсілдері, білім алушылардың тапсырмаларды алу және олардың орындалған жұмыстарды ұсыну мерзімдерін анықтайды; оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларына (педагогтерге, білім алушыларға, білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне), өзге де қызметкерлерге) жұмысты ұйымдастыру және оқыту нәтижелері туралы хабарлауды жүзеге асырады; телекоммуникациялық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады; бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады; оқу-тәрбие процесін және білімді ағымдағы бақылау мен қорытынды
  5. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  6. аттестаттауды өткізу барысын бақылайды; оқу процесін ұйымдастыруды электрондық журналдар жүйесі арқылы жүзеге асырады; оқу-тәрбие процесіне қатысушылармен кері байланыс жасайды; педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді; ҚБT қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру туралы есеп беру ақпаратын дайындайды. 25. Педагогтер: сыртқы интернет-сайттарда орналасқан ақпараттық объектілердің мүмкіндігін (электронды кітапханалар мен сөздіктер, тақырыптық сайттарға мамандандырылған ақпараттық ресурстар, білім беру порталдарында орналастырылған ақпарат және т.б.) тарту арқылы күнтізбелік-тақырыптық (қысқа мерзімді, орта мерзімді) жоспарларды түзетеді; веб-сайттар, электрондық кітапханалар және т.б. сілтемелерді қолдана отырып, оқу материалдарын құрылымдауды және сабақ жоспарлауды уақтылы түзетуді жүзеге асырады; оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасарымен жүргізілетін жұмыс түрлерін келіседі; электронды түрдегі қажетті оқу-әдістемелік материалдары бар электрондық оқу-әдістемелік кешендер әзірлейді; білімді бақылау құралдарын әзірлейді; білім алушыларға әр тақырып бойынша жұмыс уақытын, орындау мерзімдерін көрсете отырып, тиісті бөлімдерді әзірлеудің тақырыптық кестесін жасайды және таратады; білім алушылармен синхронды және асинхронды кеңестер жүргізеді; жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (бейнесабақтар, өзіндік онлайн жұмыс, электрондық журнал, онлайн-курстар чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференция, Bilim media group, скайп, google.classroom, MOODLE, ZOOM ресурстары, электрондық пошта, WhatsApp — чаттары, Opiq.kz., Telegram– каналы ресурстары және басқа да қажетті құралдар) қолдана алады; қолданылатын жұмыс түрлері, онлайн сабақтардың нысандары мен мерзімдері, офлайн сабақтарға қатысу, үй тапсырмаларын орындау мерзімдері туралы ақпаратты білім алушылардың, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) назарына уақтылы жеткізеді; оқу материалдарын білім алушының мекенжайына жақын Қазпошта бөліміне жібереді (білім алушы орындалған тапсырмаларды колледжге қайта жібереді); білім алушымен телефон арқылы жедел байланыс орнатады; бекітілген оқу кестесіне сәйкес, оның ішінде өзіндік жұмысқа бақылау жүргізу бойынша сабақтар өткізеді; білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға жеке консультациялар беру жұмыстарын жүргізеді; оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылайды;
  7. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  8. оқу-әдістемелік ресурстардың тұрақты жаңартылуын қамтамасыз етеді; жүргізілген жұмыс және оның нәтижелері туралы әкімшілікті хабардар етеді; білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижелерін әр пән немесе модуль үшін берілген бағалау өлшемшарттарына сәйкес бағалайды; оқу процесінде ҚБТ қолдану бойынша біліктілікті арттырудан өтеді; қашықтықтан оқытумен байланысты құжаттаманы жүргізеді; әкімшілікті атқарылып жатқан жұмыс және оның нәтижелері туралы хабардар етеді; оқу жүктемесін орындайды. 26. Топ жетекшілерінің қызметін атқаратын педагогтер: ата-аналарды (заңды өкілдерді) жұмыс тәртібі туралы, кестелердің өзгерістері туралы, оқу процесін ұйымдастыру туралы, білім алушылардың оқу іс-әрекетінің барысы мен қорытындылары туралы, оның ішінде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзіндік жұмысы жағдайында хабардар етеді; білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) байланыс жасайды; жүргізілген жұмыс туралы әкімшілікті хабардар етеді. 27. Білім алушылар: педагогтермен күнделікті байланыста болады; қол жетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады; күн сайын білім алушы кабинетіне (бар болса), электронды поштаға және өз бетінше зерделеу үшін оқу материалын алу үшін басқа да байланыс жүйелері мен технологияларын қолданады; күн сайын білім беру ұйымы белгілеген қол жетімді байланыс құралдары арқылы тапсырмаларды өз бетінше орындайды; орындалған тапсырмаларды педагогке қол жетімді байланыс құралдары (электрондық пошта, WhatsApp чаттар және т. б.) арқылы уақтылы жібереді; оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын және өзін-өзі бақылау қағидаттарын сақтайды; қол жетімді электрондық ресурстарды пайдаланады. 28. Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері): жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады; білім алушылардың тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады; педагогтермен, топ басшыларымен байланыста болады; оқу үшін жағдай жасайды; санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, білім алушының денсаулығы үшін қажетті жағдайлар жасау және олардың жұқпалы ауруларға шалдығуының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды
  9. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  10. ҚБТ жауапты қызметкер: ҚБТ қолданумен жүргізілетін оқыту процесі қатысушыларына арналған нұсқаулықтар мен ұсынымдарды әзірлеу бойынша платформалар/ААЖ әкімшіліктерімен өзара әрекетті іске асырады; ҚБТ қолданумен оқыту процесін ұйымдастыруға студенттер мен оқытушылардың даярлығын анықтау бойынша мониторинг жүргізеді; техникалық жағдайларды жасау (серверлерді дайындау, бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау, тағы басқа) мәселесі бойынша білім басқармаларының ТжКБ бөлімдерімен бірлесіп, платформалар/ААЖ әзірлеушілерімен, ТжКБ ұйымдарымен онлайн-кеңес өткізуге қатысады; платформалар/ААЖ әкімшіліктерімен бірлесе отырып, ТжКБ ұйымдары педагогтері үшін оқыту вебинарларын өткізу графигін анықтайды. 30. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары жанындағы оқу-әдістемелік орталықтар (кабинеттер): ТжКБ ұйымдарына қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту процесін ұйымдастыруда, оқыту кестесін, графигін құруда әдістемелік-кеңестік көмек көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
2020 жылғы «» _ № _ бұйрығына 2-қосымша

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарда оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

  1. Жалпы ереже
  2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (бұдан әрі — ЖЖОКБ) ұйымының басшысы білім алушыларды, ОПҚ, басқа да қызметкерлерді, оның ішінде қолжетімді байланыс түрлері, білім беру ұйымының интернет-ресурстары арқылы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді. 2. ЖООКБ ұйымының басшысы білім алушылардың, ОПҚ-ның және басқа да қызметкерлердің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнінде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды, қабылданған шаралар туралы жоғары тұрған басқару органына және барлық білім беру процесіне қатысушыларға дереу хабарлайды. 3. ЖЖООКБ басшысы Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге, жаңа қосымшаларды алуға өтініш беруді тоқтата тұрады. 4. ЖЖООКБ ұйымының әкімшілігі денсаулықты сақтау, сақтық шаралары үшін жауапкершілік, білім алушылармен, оның ішінде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, жеке және (немесе) топтық жұмысты ұйымдастыру бойынша білім беру процесінің барлық қатысушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 5. ЖООКБ ұйымының әкімшілігі білім беруді басқарудың жоғары тұрған органымен, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша күнделікті байланысты жүзеге асырады.
  3. ЖЖООКБ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі
  4. Оқу процесін ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына, сабақ кестесіне және графигіне сәйкес жүзеге асырылады.
  5. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  1. ЖЖООКБ ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқытуды жүргізеді, МЖБС, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес оқу бағдарламаларын іске асырады. Қажет болған жағдайда оқу процесінің кестесіне, оқу бағдарламаларының мазмұнына оқу процесін жетілдіру және оқытудың икемді ұйымдастыру нысанын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі. 8. Оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларына электрондық платформаларға және басқа да электрондық дереккөздерге (онлайн-дәрістер, бейне-дәрістер, телевизиялық дәріс, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференция, Bilim media group, скайп, google.classroom, MOODLE, ZOOM ресурстары, электрондық пошта, WhatsApp — чаттар, Opiq.kz., Telegram -каналы ресурстары және басқа қажетті құралдар) рұқсат беріледі. 9. Кәсіби және педагогикалық практикадан өту неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылады. Өндірістік практика бітіруші топтарды қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген нормаларын сақтай отырып жүргізіледі. Бітіруші топтардың кәсіптік практикасы бойынша баға бұрын игерілген оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикаларының қорытындылары (бар болған жағдайда) бойынша анықталады. 10. Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлар кезеңінде диссертациялық кеңес мүшелерінің докторанттардың докторлық диссертациясын қорғауына қатысуы ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. 11. ЖЖООКБ ұйымдарының білім алушыларына мемлекеттік стипендия «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес ай сайын төленеді. 12. ЖЖООКБ ұйымдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жүргізу рәсімі тоқтатылады.
  2. ЖЖООКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қызметі
  3. ЖЖООКБ ұйымының басшысы: телекоммуникациялық құралдарды және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
  4. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  5. ОПҚ-мен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен кері байланысты жүзеге асырады; ұйымның педагогтерінің және басқа қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады; жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдайды; Интернет және қашықтықтан технологиялар негізінде білім беру процесін жүзеге асыруға жауапты болады. 14. Бірінші проректорлар және академиялық мәселелер жөніндегі проректорлар: білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған іс- шараларды әзірлеуді ұйымдастырады; оқу материалдарын, оның ішінде электрондық оқу-әдістемелік кешендерді, электрондық білім беру ресурстарын (силлабус, дәрістер материалдары, семинарлар, тапсырмалар) қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; ЖЖООКБ ұйымының интернет-ресурстарында орналастырылатын сабақ кестесін, оқыту графигін жасайды; оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларына (педагогтерге, білім алушыларға және өзге де қызметкерлерге) жұмысты ұйымдастыру және оқыту нәтижелері туралы хабарлауды жүзеге асырады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады; бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады; оқу-тәрбие процесін және білімді ағымдағы бақылау мен қорытынды аттестаттаудың өзге де нысандарын өткізу барысын бақылайды; педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді; білім беру ұйымының қызметін талдайды. 15. Декандар және кафедра меңгерушілері: қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана отырып, ОПҚ оқу процесін әдістемелік сүйемелдеу материалдарын әзірлеуді және орналастыруды қамтамасыз етеді; қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы оқу процесін жүзеге асырудың тұрақты мониторингін қамтамасыз етеді; ОПҚ жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (оқытушының қалауы бойынша онлайн-дәрістер, бейне-дәрістер, телевизиялық дәріс, дербес онлайнжұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференция, Bilim media group, скайп, google.classroom, MOODLE, ZOOM ресурстары, электрондық пошта, WhatsApp — чаттар, Opiq.kz., Telegram -каналы ресурстары және басқа қажетті құралдар) және білім беру технологияларын қолданады; қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы студенттердің жұмыстарын уақтылы тексеруді және баға қоюды қамтамасыз етеді.
  6. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  1. Кураторлар мен Офис-тіркеушілер: қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана отырып, студенттерді пәндерге тіркеуді/қайта тіркеуді қамтамасыз етеді (қажет болған жағдайда); ОПҚ және студенттерді ҚБТ ақпараттық жүйелеріне қол жетімділіктің болуын қамтамасыз етеді; жүргізілген жұмыс туралы әкімшілікті хабардар етеді. 17. Білім алушылар: педагогтермен күнделікті байланыста болады; қолжетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады; күн сайын жеке кабинетіне (бар болса), электронды поштаға және өз бетінше зерделеу үшін оқу материалын алу үшін басқа да байланыс жүйелері мен технологияларын қолданады; күн сайын білім беру ұйымы белгілеген қолжетімді байланыс құралдары арқылы тапсырмаларды өз бетінше орындайды; күн сайын педагогтердің талаптарына сәйкес орындалған тапсырмаларды ұсынады; академиялық адалдық қағидаларын сақтайды; қолжетімді электрондық ресурстарды пайдаланады
  2. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «» _ № бұйрығына 3-қосымша

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы әдістемелік ұсынымдар пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында мектептен тыс ұйымдардың қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ балалардың қосымша білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін балаларға қосымша білім беру (бұдан әрі – БҚББ) ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне көмек ретінде әзірленді. 2. БҚББ ұйымының басшысы пандемия кезеңінде білім беру процесін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша білім алушыларды, педагогтерді, басқа да қызметкерлерді, ата-аналарды (заңды өкілдерді) қолжетімді байланыс түрлері, білім беру ұйымының интернет-ресурстары арқылы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді. 3. БҚББ ұйымының басшысы білім алушылардың, педагогтердің және басқа да қызметкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, білім беру процесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды, жоғары тұрған басқару органға және білім беру процесіне қатысушыларға қабылданған шаралар туралы шұғыл ақпарат береді. 4. БҚББ ұйымының әкімшілігі білім беру процесінің барлық қатысушыларымен: әр адамның денсаулығын сақтау үшін жауапкершілігі және сақтық шаралары туралы; телекоммуникациялық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып білім алушылармен жеке және (немесе) топтық жұмысты ұйымдастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 5. БҚББ ұйымының әкімшілігі білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері мен басқа да мәселелер бойынша жоғары тұрған білім беру басқару органымен, басқа да мемлекеттік органдармен күн сайын байланыс жасайды.
  3. БҚББ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі
  4. Білім беру процесін ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, білім беру бағдарламаларына, сабақ кестесіне сәйкес жүзеге
  5. 31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
  6. асырылады. 7. БҚББ ұйымдары телекоммуникациялық құралдарды және ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқытуды шеттетілген режимде қашықтықтан жүргізеді. Қажет болған жағдайда білім беру процесінің кестесіне, білім беру бағдарламаларының мазмұнына оқытуды икемді ұйымдастыру нысанын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі. 8. Оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларына қолжетімді электрондық платформаларға және басқа да электрондық көздерге (онлайн-сабақтар, видео-сабақтар, телевизиялық- сабақтары, жеке онлайн-жұмыс, электронды журнал, онлайн-курстар, чатсабақтар, веб-сабақтар, телеконференция, Bilim media group ресурстары, скайп, google.classroom, Google Docs, Яндекс.диск, MOODLE, ZOOM, электронды пошта, WhatsApp-чаттар, Opiq.kz ресурстары, Telegram – каналдар және басқалар) кіруге мүмкіндік беріледі. Google платформасы арнайы бағдарламалық жасақтаманы сатып алу және қызмет көрсету шығындарын талап етпейтін, қолданбаларға кіру веб-браузер терезесі арқылы алуға болады. Білім алушылармен педагогикалық қарымқатынас жүйе бойынша құрылады: теория – тәжірибе – жеке білім беру бағыты бойынша жұмыс – баға. Google Docs – бұл құжаттарды автоматты түрде сақтайтын, кестелер, презентациялар, фото және бейне материалдарды жасауға және өңдеуге болатын тегін қызмет, онда педагог өз тапсырмаларын, тестілерін және білім алушылар орындалған тапсырмаларын орналастырады, Google Docs өзі тексеріп, талдау жұмысын жасайды. Яндекс.диск – бұл Яндекс серверлерінде файлдарды сақтауға, интернетке қосылған кез келген құрылғыдан дискідегі файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қызмет. Яндекс браузердің disk.yandex.ru адрестік жолында логин мен пароль енгізіледі. Яндекс.Диск платформасында құжаттарды, кестелерді және презентацияларды жасауға және өңдеуге болады. Жоғарыда аталған бағдарламалар БҚББ ұйымдарының басшыларына қашықтықтан білім беру процесін бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  1. БҚББ ұйымдарының білім беру процесіне қатысушылардың қызметі
  2. БҚББ ұйымының басшысы мыналарды: БҚББ ұйымының жұмыс жоспарын; сабақ кестесін бекітеді; ұйымның педагогтері мен өзге де қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады; скриншоттар, бейнежазбалар, хабарламалар және т.б. алу арқылы педагогтермен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен кері байланыс

22
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
жүргізіп, білім беру үдерісін кестеге сәйкес ұйымдастыруға тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады; жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдайды. 10. Басшының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер: білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған шараларды әзірлеуді ұйымдастырады; оқу материалдарын, оның ішінде электрондық оқу-әдістемелік кешендерді, электрондық білім беру ресурстарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; сабақ кестесін құрастырады, оларды БҚББ ұйымының интернетресурстарында (сайт) орналастырылады; педагогтермен бірге білім алушылардың білім беру қызметін ұйымдастыруды анықтайды: оқытудың әдістері мен тәсілдері, білім алушылардың тапсырмаларды алу мерзімдері және олардың орындалған жұмыстарды ұсынуы; білім беру процесінің барлық қатысушыларын (педагогтерді, білім алушыларды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), басқа да қызметкерлерді) жұмысты ұйымдастыру және оқыту нәтижесі туралы хабардар етуді жүзеге асырады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, білім беру процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады; бекітілген кестеге сәйкес педагогтердің қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады; скриншоттар, бейнежазбалар, хабарламалар және т.б. алу арқылы педагогтермен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен кері байланыс арқылы білім беру процесін кестеге сәйкес өткізу барысын (музыка, көркем және өнер мектептерінің білім алушыларын ағымдағы бақылау және қорытынды аттестаттауды) бақылайды; педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді; білім беру ұйымының қызметін талдайды. 11. Педагогтер: күнтізбелік-тақырыптық және жеке жоспарларды түзетеді; веб-сайттарға, электронды кітапханаларға және т.б. сілтемелерді қолдана отырып, оқу материалдарын құрылымдауды жүзеге асырады; балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, қашықтықтан жұмыс істеу үшін жеке тапсырмалар әзірлейді; қашықтықтан оқыту түріндегі жаңа формат туралы ақпаратты скайп, электрондық пошта, WhatsApp-чаттар, Telegram-каналдар және т.б. арқылы білім алушылар мен олардың ата-аналарының (заңды өкілдері) назарына жеткізеді; электрондық ресурстарда оңтайлы және әр түрлі жұмыс түрлерін (бейнесабақтар, дербес жұмыс, онлайн-сабақтар, онлайн-байқаулар, чат
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
сабақтар, веб-сабақтар, онлайн-мұражайларға, онлайн-театрларға, онлайнкөрмелерге, телеконференцияларға және т.б. виртуалды қатысу), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (скайп, телевизиялық-сабақтар, moodle, zoom, электрондық пошта, whatsapp-чат, телеграмма-чат, univer және т.б.) қолдана отырып, БҚББ педагогтері мен білім алушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді; бекітілген оқу кестесіне сәйкес онлайн-сабақтар өткізеді, дербес жұмысқа бақылау жасайды; білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға жеке кеңес өткізеді; тапсырмалардың орындалуын бақылайды; скриншоттар, бейнежазбалар, хабарламалар және т.б. жолдау арқылы жүргізілген жұмыс және оның нәтижелері туралы ҚБББ ұйымының әкімшілігін хабардар етеді. 12. Білім алушы: педагогтермен кесте бойынша байланыста болады; қолжетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады; кестеге сәйкес білім алушының жеке кабинетіне (бар болса) өз бетімен оқу мақсатында оқу материалын алу үшін электронды поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына кіреді; тапсырмаларды өз бетінше орындайды, педагогтердің талаптарына сәйкес орындалған тапсырмаларды қолжетімді байланыс құралдары (электронды пошта, WhatsApp-чат және т.б.) арқылы сканерлеу (немесе фото) арқылы педагогке ұсынады; тапсырмаларды орындау кезінде өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды. 13. Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері): жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен танысады; мүмкіндігінше білім алушылардың тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады; педагогтермен, топ басшыларымен байланыста болады; оқыту үшін жағдай жасайды. 14. Қосымша білім беру педагогтері өз жұмысында түрлі интернетдереккөздерді пайдалана алады. Мысалы: 1) Тұңғыш Президент Кітапханасы – https://nur-sultan3d.kz/art/museum/nationalmuseum.html; 2) Ұлттық өнер галереясы — Вашингтон https://www.nga.gov/index.html; 3) Қазақстанның орталық мемлекеттік мұражайы — http://www.csmrk.kz/index.php/mnu-exposition/mnu-virtual-obzor ; 4) Семей қаласындағы Абай Құнанбаев мұражайы — http://www.3dsemey.kz/Virtyal?id=138&lang=ru; 5) Ұлттық Мұражай — https://www.tourister.ru/world/asia/kazakhstan/city/astana/museum/24078 ;
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
6) Пинакотека Брера — Милан https://pinacotecabrera.org/; 7) Уффици — Флоренция Галереясы https://www.uffizi.it/mostre-virtuali; 8) Ватикан Мұражайы — Рим http://www.museivaticani.va/content/museivaticani/it/collezioni/catalogoonline.html; 9) Археологиялық мұражайы — Афины https://www.namuseum.gr/en/collections/; 10) Прадо — Мадрид https://www.museodelprado.es/en/the-collection/artworks; 11) Лувр — Париж https://www.louvre.fr/en/visites-en-ligne; 12) Британ мұражайы — Лондон https://www.britishmuseum.org/collection; 13) Метрополитен мұражайы — Нью-Йорк https://artsandculture.google.com/explore; 14) Эрмитаж — Санкт-Петербург https://bit.ly/3cJHdnj; 15) бейнесабақ: «Экскурсовод портфелін жинау», «Туристік жорықтарға арналған жеке және топтық жабдықтарды таңдау», «Бағдарлаушы спортшыларды дайындау», «Туристік тораптардың түрлері», «Бөлме өсімдіктерін өсірудің вегетативтік тәсілдері», «Құрғақ жапырақтар мен гүлдерден жасалған тегіс композиция», «Жеміс-жидектер мен көкөністер құрамындағы С дәруменін анықтау» — https://www.ziyatker.org/122; 16) виртуалды экскурсиялар: Ижевск қ. Балалар хайуанаттар бағы — http://udm-zoo.ru/Zoo_3dtour/3dtour_zoo.html, Қырым Сафари — http://parktaigan.ru/wp-content/uploads/tour/taigan.html; Балалар хайуанаттар бағы — https://www.youtube.com/channel/UCmvjARDhwmZ6Ke2MCFfle6g; The TemerBoy — https://www.youtube.com/channel/UC6j3uG9Gb6gVsYAFUUoC2EA; 17) техникалық шығармашылық және робототехника бойынша бейне сабақтар — https://www.youtube.com/channel/UCZRmfTmR24k4LXQtJrnFAhA,https://w ww.youtube.com/user/shogun13371337; https://www.youtube.com/playlist?list=PL0lO_mIqDDFW5h4vGzizQDcsqK3 nxjvy_ 18) Қазақстан белгілі мұражайлары – https://tonkosti.ru/%D0%9C%D1%83%D0%B7%D0%B5%D0%B8_%D0%9 A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD% D0%B0 19) Қазақстанның мамандандырылған мұражайлары – https://www.tripadvisor.ru/Attractions-g293943-Activities-c49Kazakhstan.html https://pandaland.kz/articles/semya/semejnyj-dosug/muzei-kotorye-stoitpokazat-detyam https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%B3
31.03.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Электрондық құжаттың көшірмесі.
%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F:%D0%9C%D1%83%D0%B7%D0%B5%D 0%B8_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0% B0%D0%BD%D0%B0 https://commons.wikimedia.org/wiki/Category:National_Museum_of_the_Rep ublic_of_Kazakhstan https://olke.kz/kaz/struktura-muzeya/filialy/oblastnoj-istoriko-kraevedcheskijmuzej https://g.co/kgs/PSTWx6 https://www.zhambyl.gov.kz/kz/news/muzei/47 https://www.tourister.ru/world/asia/kazakhstan/museum 20) Online ресурстар. Жобалық қызметке негізделген STEM пәндерді зерделеуге арналған платформалар. http://platform.stem-academia.com/ https://www.instructables.com/id/100-STEAM-Projects-for-Educators/ https://melscience.com/RU-ru/experiments/ 3Д модельдеуді және робот техникасын зерделеу үшін платформалар. https://www.tinkercad.com/ https://academy.zmorph3d.com/ Вебинарлар үшін платформалар. https://clickmeeting.com/ru — 25 адам дейін тегін. https://zoom.us/ — пандемия кезінде тегін.

  1. Балаларға қосымша білім беру ұйымдары қызметінің бағыттары және түрлері
  2. БҚББ үйірмелерінің 178 түрлері бойынша жұмысты қашықтықтан ұйымдастыруға болады. Қызметтің кейбір түрлері «педагог – бала» тура байланысын талап етеді. Осыған байланысты үйірмелердің 41 түрі бойынша қашықтықтан жұмысты ұйымдастыруға қиын болады. Білім беруді басқару органдарына және мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарына мыналар ұсынылады: қашықтықтан оқыту үшін ресурстар жасау: бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау, онлайн-платформаларға қосу, бейімделген жоспарлар, бағдарламалар, кесте және басқаларды әзірлеу; қашықтықтан сабақтар өткізу үшін БҚББ педагогтеріне ақпараттық технологияларды оқытуды ұйымдастыру.