Дипломмен ауылға

21-қазан Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Есік медициналық колледжінде Алматы облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырылуымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша облысымыздың білікті мамандарынан құрылған мобильді топ жастармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуді жастарға әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің басшысы Шопатаев Ерлан Есентайұлы, жастарға әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің маманы Серикова Айгерим Серікқызы, жастарға әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің маманы Тұрланов Рахым Жоламанұлы жүргізді. Кездесу барысында 5 бағыт бойынша түрлі сұрақ-жауаптар талқыланды. Оның ішінде дипломмен ауылға бағдарламасына жастар ерекше назар аударды.

Пікір үстеу